Қазақтың Тұңғыштары (XV-XX ғ.ғ.) Бірінші хан - Керей хан Болатұлы (1465-1473) Бірінші ойшыл - Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV - XV ғ.ғ.) Бірінші дәрігер - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492). Еуропалықтардан бұрын оспадан вакцина тапқан. Бірінші шешен - Жиренше шешен (XV ғ.) Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?! Бірінші тарихшы - Қадырғали Қосынұлы Жалайри (1530–1605) Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776) Ұлы жүздің бірінші ханы - Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740) Орта жүздін бірінші ханы - Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734) Кіші жүздің бірінші ханы - Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748) Бірінші батыр қыз - Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы) Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы - Сырым батыр Датұлы (1783-1797) Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан - Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған) Бірінші зерттеуші-ғалым - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы - Абай Құнанбайұлы (1845-1904) Жоғары білім алған алғашқы қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген) Екі жоғары білім алған бірінші қазақ - Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген) Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы - Әліби Жангелдин (1884-1953) Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы - Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.) Бірінші журналист - Нәзипа Құлжанова (1887-1933) Бірінші елші, дипломат - Нәзір Төреқұлов (1892-1938) Бірінші режиссер - Жұмат Шанин (1892-1938) Бірінші әйел-мұғалім - Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап) Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым - Қаныш Сәтбаев (1899-1964) Тұңғыш кәсіби суретші - Әбілхан Қастеев (1904-1973) Тұңғыш кәсіби мүсінші - Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009) Бірінші әйел-дәрігерлер - Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген) Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы - Мұхамеджан Сералин ("Айқап", 1911-1915 ж.ж.) Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ - Қажы Мұқан Мұнайтпасов (1909 ж.) Роман жазған тұңғыш қазақ - Міржақып Дулатов ("Бақытсыз Жамал", 1910 ж.) Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған - Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.) Бірінші биші - Шара Жиенқұлова (1912-1990) Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі - Әлихан Бөкейхан (1917-1920) Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған - Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.) Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі - Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.) Бірінші ұшқыш - Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды) Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты - Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992) Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақтар - Нарсүтбай Есболатов, Әлиасқар Қожабергенов, Әліпбай Қосаев, Мұсабек Сеңгірбаев (Олардың бәрі 1941 жылы Мәскеуді қорғаған) Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ - Талғат Бигельдинов (1944 ж., 1945 ж.) Бірінші спорт шеберлері - Ш. Бекбаев (жеңіл атлетика, 1943 ж.), Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.), әйелдер арасында - Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.), А. Муслимова (шахмат, 1965 ж.) Социалисттік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақтар - Асайынов (1943), Рысқұлова (1947), жазушылар арасында - Ғабит Мүсірепов (1974), дәрігерлер арасында - Ысқақ Әлібеков (1969). Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ - Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.) Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ - Жақсылық Үшкемпіров (күрес, Мәскеу 1980 ж.) Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Назарбаев Бірінші қазақ ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров